Ақмола облысының Зеренді ауданында көктемгі егіс науқаны белсенді жүргізілуде. Аудан бойынша 103 мың гектардан астам алқапқа дән себілсе, «Дихан Плюс» ЖШС 24 мың гектар жерге егін егуді жоспарлап, қазіргі таңда оның 65%-ын игеріп үлгерген.
Шаруашылық биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Атап айтқанда, 2500 гектарға рапс, 2607 гектарға бұршақ, 1000 гектарға зығыр, 1300 гектарға жасымық егілген. Астықтың ішінде 4 мың гектары қатты бидай, 6–7 мың гектары жұмсақ бидай, 600 гектарға арпа себілуде.
Шаруашылық басшысы Денис Швайбовичтің айтуынша, мемлекеттік қолдау тиімді пайдаланылып, 800 тоннадан астам тыңайтқыштың 50%-ы алқапқа енгізілген. Егіс науқанына алты заманауи техника тартылып, 170 адам еңбек етуде. Жұмыстар мамырдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.