
Ұлтаралық келісім – Қазақстанның ең маңызды құндылықтарының бірі. Біздің Отанымызда көптеген ұлттар мен ұлыстар тату өмір сүріп, бір шаңырақ астында достықта өмір сүруде. Бұл – еліміздің тұрақтылығы мен дамуының негізі.
Әрбір халықтың дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау – шынайы келісімнің белгісі. Қазақстандағы ұлттардың бірлігі – болашаққа деген сенімімізді арттырады. Біз бір-бірімізді сыйлап, қолдау көрсеткенде ғана бейбіт өмір жалғасын табады.
Ұлтаралық келісімді сақтау – әрбір азаматтың парызы. Себебі татулық бар жерде – ырыс, ынтымақ бар жерде – береке болады.
М.Амангелдинова, А.Мырзахметов атындағы университеттің 2 курс студенті.