c05438ab-94a2-492a-9399-17268e0e6da4

«Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағдарламасына қатысуға шақыру

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) «Орта бизнес кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыру» бағдарламасына қатысушыларды қабылдауды жариялайды. Бұл бағдарлама ЕҚДБ-ның шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылады.

Бағдарламаның мақсаты – салалардың болашақ көшбасшыларын қалыптастыруға және Қазақстан кәсіпорындарының жоғары инвестициялық әлеуетін жедел дамытуға жәрдемдесу.

Бағдарлама аясында қатысушыларға мынадай кешенді құралдар ұсынылады:

• бизнес-процестер мен нарықтық позициялауды терең диагностикадан өткізу;
• стратегиялық даму бойынша консультациялық қолдау;
• бизнесті кеңейту үшін инвестициялар тартуға жәрдемдесу.

Қатысуға жеке қазақстандық өнеркәсіптік сектордағы кәсіпорындар шақырылады.

Кіріспе кезеңі Foresight Camp (Форсайт-кемп) – стратегиялық болжау бойынша интенсвті оқыту модулі болып табылады, ол Қазақстандағы бизнес-орта мен жаһандық трендтердің перспективаларын шолуды қамтиды.
Өткізу мерзімі: 2025 жылдың 13–16 қыркүйегі
Өтетін орны: Rixos Borovoe
Бір кәсіпорыннан ұсынылатын қатысушылар саны – 2–3 адам.

Foresight Camp тіркелу үшін:
http://foresight-camp.kz.tilda.ws/

Практикалық сессиялардың нәтижесінде іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін және ең перспективті бизнес-модельдерді ұсынған ТОП-20 компания жеке диагностикадан өту және инвестиция тарту мен басқару бойынша құзыреттерді дамыту бағдарламасына қатысуға шақыру алады.

Конференцияға рұқсат алу үшін knowhowkazakhstan@ebrd.com мекенжайына келесі мәліметтерді жолдауды сұраймыз:
• Компания атауы, БСН
• Байланысатын тұлға (Т.А.Ә.), электронды пошта мекенжайы және телефон нөмірі.

Ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша байланыс:
shpulint@ebrd.com