6e3f44cf-7de7-4e1c-8666-3e438f4a5919

Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы ел халқының көпұлтты, көпконфессиялы қалыптасуы жағдайында жүзеге асты. Мұнымен қоса монархиялық және кеңестік биліктің барынша асқынған ауыр зардаптары еншіге қалды. Саяси және экономикалық отарлық тегеурін қазақ халқының дербестікке ұмтылысына барынша кедергісін келтіріп бақты. Соған қара­мастан, еліміз тәуелсіздікке ие болу мұратынан бір сәтке жаңылған жоқ. Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеті әлемге гуманистік, демократиялық және толеранттылық сипатымен даралана бастады. Мұның айқын бір көрінісі – ұлтаралық татулық пен келісімді ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымының өмірге келуі.

Ә.Молдахметова, Степногорск қ. ЖРО-ның кеңесші заңгері