Қосшы қаласында 21-23 мамыр аралығанда бірнеше өңірлермен Ақмола облысындағы жастар ресурстық орталығының мамандарына арналған «Жастармен жұмыс жөніндегі маманның заманауи құзыреттері» тақырыбында семинар тренинг өткізілді.
6f70a53e-f684-45e1-a06d-8d13f0db7fa8

Семинарға Астана қаласының, Қостанай облысының және өңірлік жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысты.
​Шара аясында ЖРО қызметкерлері үш күндік оқу бағдарламасынан өтті. Бағдарлама келесі негізгі бағыттарды қамтиды: цифрлық және ақпараттық қауіпсіздік, жұмыста жасанды интеллектіні пайдалану, жастар ортасындағы жобалық басқару негіздері және т.б.
​Алғашқы күннің спикері, PHD доктор, PMI PMP, Қазақстан Республикасының жобалық менеджерлер одағының директоры – Акзамбекқызы Ақбота бағдарлама жоспарына сәйкес қатысушылармен қызықты тренинг ұйымдастырды.
​Семинардың екінші күні «Киберқауіпсіздік: заманауи құралдар мен жеке деректерді қорғау» тақырыбында Қазақстандық Халықаралық колледжінің информатика, графика, жобалау және бағдарламалық қамтамасыз ету оқытушысы – Калбаева Гүлшат Бекахметқызы тренинг сабақтарын өткізді.
​Технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында киберкеңістікте жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ете білу және рутиндік процестерді автоматтандыру арқылы маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жасанды интеллект секілді заманауи құралдарды тиімді пайдалану ерекше маңызды.
​Биыл осындай төрт аймақтық семинар-тренинг өткізу жоспарланған. Олар Шымкент, Алматы, Орал және Павлодар қалаларында өтеді.
​Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетімен бірлесе отырып, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруда.
​«Қосшы қаласында өткен үш күндік Жастар саясаты мектебі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Семинар барысында жастармен жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды әрі құнды ақпараттар ұсынылды.
​Кәсіби тренерлер мен спикерлер жастар саясатының өзекті бағыттары, мемлекеттік бағдарламалар және жобаларды тиімді жүзеге асыру жолдары бойынша нақты тәжірибелермен бөлісті.
​Мұндай іс-шаралар сала мамандарының біліктілігін арттырып қана қоймай, жастармен тиімді жұмыс жүргізуге серпін береді» — дейді өз сөзінде семинарға қатысушысы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы жастар ресурстық орталығының басшысы – Ділдә Хайрат.
​Семинар-тренинг аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қосшы қаласы жастар ресурстық орталығының ақпараты бойынша