2025 жылдың І тоқсанында Қазақстаннан жаңа әрі өңделген балық экспорты өсіп, карп пен судак еуропалық нарықтарда сұранысқа ие болды.
🔹 Карп, сом, судак, тунец пен шортаннан жасалған филе мен фарш экспорты 10%-ға өсіп, 2,2 мың тоннаны құрады.
📍 Негізгі нарықтар:
• Дания – 600,6 т (+1,6 есе)
• Литва – 509,5 т (+15,8%)
• Ресей – 315,5 т (+46,3%)
• Польша – 200 т (+3,7 есе)
🔹 Таза карп экспорты – 426,4 тонна, толықтай Өзбекстанға жөнелтілді (+2,8 есе).
🔻 Ал мұздатылған форель мен лосось экспорты күрт азайып, 24,3 тонна болды (-4,6 есе).
🔻 Сонымен қатар, мұздатылған балық (чехонь, табан) экспорты – 1,3 мың т (-1,6 есе),
негізгі сатып алушы – Ресей (1 мың т).
🧂 Кептірілген, тұздалған, қақталған балық (вобла, килька, минтай) экспорты да сәл төмендеді – 333,8 т (-5,5%).
📦 Импорт артуда:
Қазақстанға 15,5 мың тонна балық пен теңіз өнімдері әкелінді (+9,8%).
• Мұздатылған балық – 12,4 мың т (+21,1%)
• Негізгі елдер: Ресей, Норвегия, Ұлыбритания, Чили, Исландия, Марокко
🥚 Икра, балықтың бауыры мен уылдырығының импорты 34,2%-ға артты – 708,7 т.
🔹 Негізгі жеткізуші – Норвегия
🦐 Ал шаянтәрізділер мен моллюскалар импорты керісінше, 25%-ға төмендеді – 677 т.