Қазақстанның геология саласы шетелдік инвесторлар үшін тартымды бағытқа айналып, 12 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жұмысы нәтижесінде әлемдік деңгейдегі компаниялар елге келіп, пайдалы қазбаларды барлау жобаларын жүзеге асыруда.
НЕГІЗГІ ИНВЕСТОРЛАР ҚАТАРЫ
• Rio Tinto (Ұлыбритания), • FQM Kazakhstan, Arras Minerals (Канада), • Sarytogan Graphite, Hidden Owl, IG Asia (Австралия/Сингапур), • Эсан (Түркия) және Еуропа елдерінің компаниялары бар.
Инвестициялар қатты пайдалы қазбалар кен орындарын барлауға бағытталған.
Геологиялық-геофизикалық деректердің кеңеюі де маңызды рөл атқаруда: 2024 жылы 2 млн ш. км-ден асса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 2,04 млн ш. км-ге жетпек.
Қазақстан ашық ережелер мен цифрлық инфрақұрылым ұсына отырып, жаһандық геологиялық нарықтағы орнын нығайтып келеді.