Қазақстанда ауқымды білім беру жобасы — “Жайлы мектеп” басталды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, біз алғаш рет білім сапасын баршаға бірдей етуге мүмкіндік алып отырмыз.

73b88ce9-acd2-408e-bf8b-a435d9286d5e

БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТ

Министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында елде алғаш рет бірыңғай білім беру кеңістігі құрылып жатқанын айтты. Бұл — ауыл мен қала мектептерінің айырмашылығын жою үшін жасалып отыр.

“Бұл таңдаулыларға арналған мектептер емес. Бұл — баршаға арналған жаңа норма”, – деп атап өтті министр.

Мектептердің архитектурасы, жабдықталуы, оқыту әдістемелері — барлығы бірдей жоғары стандарттарға сай.

Бейсембаевтың айтуынша, “Жайлы мектептерде” бәрі егжей-тегжейлі ойластырылған: жиһаздан бастап жарықтандыруға дейін. Кең сыныптар, демалыс аймақтары, заманауи санитарлық тораптар – бәрі де балалардың мектепте жайлы әрі қуана оқуына бағытталған.

“Оқушы мектепте өзін үйіндегідей сезінсе, оның мотивациясы да мүлде басқа болады”, – дейді министр.

ce4de4f2-15c6-43e5-8793-e535d2c05999

ҚАУІПСІЗДІК

Әр мектеп бейнебақылау жүйесімен, кіріп-шығуды бақылайтын жүйемен жабдықталады. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарға орналастырылады — бұл кіші және ересек балалардың өзін жайлы әрі қауіпсіз сезінуі үшін жасалған.

IT, шеберханалар және сыни ойлау

ef3bdff1-9d59-4627-9bdc-18f1973fbec9

Жаңа мектептер — бұл жай ғана қабырғалар мен парталар емес. Бұл — зертханалар, робототехника, шеберханалар. Мұнда оқушылар бағдарламалау, зерттеу жүргізу, топта жұмыс істеу дағдыларын үйренеді.

“Бала жай ғана лекция тыңдамайды – ол жоба жасайды, талқылайды, тәжірибе жасайды. Бұл — мүлде басқа деңгейдегі қызығушылық”, — дейді министр.

i

АДАЛ АЗАМАТ

Жаңа мектеп тек білім ғана емес, құндылықтар да береді. Бірінші сыныптан бастап балалармен адалдық, еңбек, құрмет туралы сөйлеседі.

Бастауыш сыныптан бастап кәсіптік бағдар

Министрдің айтуынша, оқушылар бала кезінен бастап түрлі рөлдерді байқап көреді: жоба апталықтарына қатысады, нақты мамандармен кездеседі, 7-сыныпта өзіне тәлімгер табады. Бірге даму траекториясын құрастырады — мектеп бітіруші қандай мамандықты қалайтынын алдын ала біледі.

i

“Мектепті өзгерту үшін алдымен мұғалімнің көзқарасын өзгерту керек”, — дейді министр.

3000-нан астам мұғалім жаңа әдістемелер бойынша оқудан өтті, бұл жұмыс жалғасып жатыр. Мектептерді “Өзгеріс көшбасшылары – 1000” бағдарламасының қатысушылары — жаңаша ойлайтын директорлар басқарады.

КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІ

Министр жаңа форматтағы мектептерге ортақ атау беруді ұсынды — “Келешек мектептері”. Бұл атау олардың басты миссиясын көрсетеді: балаларға тең мүмкіндік беру, ал елге — мықты болашақтың негізін қалау.

“Заманауи мектеп – сәнді тақта мен гаджет туралы емес. Бұл — болашақтың сын-қатеріне дайын ұлт туралы”, — деп түйіндеді Ғани Бейсембаев.

Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Жайлы мектеп” ұлттық жобасын еске салды. Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған 369 мектеп салу жоспарланып отыр.