
5 қыркүйек күні қаламызда Қазақстан халқы тілдері мерекесіне арналған онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Дархан Оспанов қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Мерекелік бағдарлама барысында шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздар өз өнерлерін ұсынып, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Бұл мереке – еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың, әртүрлі мәдениеттер мен дәстүрлерге деген құрметтің жарқын көрінісі.
Баршаңызды Қазақстан халқы тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!