Диас Жолдыбаев пен Ғабит Расулхан халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, Азия және Еуропа кубоктарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Lada.kz.
22–23 мамыр күндері Ташкентте өткен кадеттер арасындағы Азия кубогында Диас Жолдыбаев қола жүлдегер атанды. Ол — Маңғыстау облыстық қазақша күрес және дзюдо мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушісі.
Мектеп өкілдері бұл жетістік – табандылық пен жаттықтырушылар еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
Ал 24–25 мамырда Португалияда өткен Еуропа кубогында «Жас батыр» спорт мектебінің өкілі Ғабит Расулхан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Жетістіктері: • Диас Жолдыбаев 2024 жылы Сараевода (Босния және Герцеговина) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында да қола медаль жеңіп алған. • Ғабит Расулхан 2024 жылы Словакияда кадеттер арасында өткен Еуропа кубогының чемпионы атанған болатын.
Жас спортшылардың бұл табысы – Маңғыстау спорт мектебінің қарқынды дамуының айғағы.