2025 жылдың басынан бері 853,6 мың отбасыға 201,9 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленді. Оның ішінде: • Көпбалалы отбасыларға – 611,5 мың отбасыға 176 млрд теңге; • Наградталған аналарға – 242 мың адамға 25,9 млрд теңге берілді.
Сәуір айында ғана: • 860,1 мың отбасы 51 млрд теңге алды; • Соның ішінде көпбалалы 617,6 мың отбасыға – 44,5 млрд теңге, • Наградталған 242,5 мың анаға – 6,5 млрд теңге төленді.
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы мөлшері (2025): • 4 балаға – 63 030 тг • 5 балаға – 78 798 тг • 6 балаға – 94 565 тг • 7 балаға – 110 332 тг • 8 және одан көп балаға – әр бала үшін 15 728 тг