1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Көкшетауда «Балғын балалық шақ» атты қуанышты әрі әсерлі мерекелік шара ұйымдастырылды. Іс-шараға көпбалалы, ерекше қажеттіліктері бар, асыранды және толық емес отбасылардың балалары қатысты.
Шара бағдарламасы:
• «Арманға жол» атты сурет салу сайысы (асфальтта және аудитория ішінде); • «Біз бақытты баламыз!» атты көңілді ойындар мен аниматорлар бағдарламасы; • Ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтатын «Жаныңдамын. Біргемін» тренингі; • «ANA» және «Бақытты отбасы» атты фотокөрмелер; • «Қоғамдық келісім» мекемесіне танымдық экскурсия; • Тәтті мақта, сыйлықтар мен «Шын жүректен» қайырымдылық акциясы.
Шараны Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Аналар кеңесі» мен «Qolqanat» жобасы бірлесіп ұйымдастырды. Балалардың қуанышы мен шат күлкісі бұл күннің басты көрінісіне айналды.