a87a6b3a-1d35-4cfe-ba35-4400294a92a1

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанда азаматтардың еңбек тапшылығы бар өңірлерге көшуін ынталандыру үшін жаңа қолдау шаралары енгізілуде. Негізгі құрал «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» – қоныс аударушылардың басты мәселесін шешетін тұрғын үй сатып алуға 4,5 млн теңге мөлшерінде қаржылық көмек болды, деп хабарлайды ALTYNQALA.KZ ақпарат агенттігі

✔️ Соңғы 3 жылда сертификатты еліміздің солтүстік және орталық аймақтарына қоныс аударған 6 мың отбасының жартысынан астамы пайдаланды. Сондай-ақ қоныс аударушылар үшін жер учаскелерін конкурстан тыс беруді және материалдық көмекті жазадан қорғауды қоса алғанда, қосымша жеңілдіктер қарастырылған.

✅ Бұл шаралар ішкі еңбек нарығын қорғау жөніндегі жүйелі жұмыстармен толықтырылады. Соңғы бес жылда шетелдік жұмыс күшін тартуға квота дәйекті түрде 25 мыңнан 17 мың адамға дейін қысқарды. Отандастарды қолдау жалғасуда: жаңа тетік енгізілген сәттен бастап 13 мың этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды.