Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға баға қалыптастыру жүйесін қайта қарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шекті бағаны реттеудің жаңа тетігі мемлекет есебінен тегін берілетін дәрілерге – ТМККК мен МӘМС шеңберінде, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда арқылы сатылатын препараттарға қатысты қолданылады. «Амбулаториялық және стационарлық емдеуге арналған тегін дәрілердің тізбесінде бағалар 19%-ға дейін, ал бөлшек сауда дәріханаларындағы бағалар 30%-ға дейін төмендейді», — деп жазылған хабарламада. Жаңартылған тізбе мыналарды қамтиды: 3475 дәрі-дәрмектің және 2917 медициналық бұйымның атауы (ТМККК және МӘМС шеңберінде) 5936 препарат – көтерме және бөлшек саудаға арналған Баға төмендеуінің орташа көрсеткіштері: 2222 дәрі атауы бойынша – 18%-ға дейін 1847 медициналық бұйым бойынша – 14%-ға дейін дәріханаларда 5492 дәрінің атауы – 30%-ға дейін Дәрілік заттың сауда атауына белгіленген шекті баға сол препаратқа бекітілген көтерме шекті бағадан аспайды. Шекті баға дәрілік заттың шығару түрі, дозасы, концентрациясы, көлемі мен қаптамасы, сондай-ақ өлшем бірлігі ескеріле отырып есептеледі.
9e71cc2f-7a22-4e4a-af95-46744c935100