2581793a-1838-4b41-b13f-441334856d65

Жаттығудың бірінші күні тыныш режимде ескерту жүйесін қосудан басталды. Оқу-жаттығу Бурабай ауданы Шиелі ауылының маңында өтеді. Қазіргі уақытта жедел штаб өз жұмысын бастады, азаматтық қорғау жүйесінің бөлімшелері тартылды. Оқу-жаттығу өтетін жерде шатырлы лагерь құрылып, іс-шараның теориялық бөлігі басталды.

Ақмола облысы ТЖД штаб бастығы, бастығының орынбасары Ренат Валишанов азаматтық қорғау жүйесінің қызметтерімен бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру бойынша ұйымдастыру кеңесін өткізді. Практикалық сабақтар келесі күні өтеді. Жаттығу 2 күнге созылады.