23–25 мамыр күндері Беларусьтің Браслав қаласында өткен «Браславские зарницы» атты дәстүрлі мәдениет фестивалінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының ән және би ансамблі бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды DKnews.kz.
🕊️ Биыл 58-рет өткен бұл айтулы шараға түрлі елдерден 24 вокалдық ұжым қатысты. Жалпы 500-ге жуық өнерпаз халық әндерін тірі аккомпанементпен орындады.
🇰🇿 Қазақстандық әскери ансамбль Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әсерлі концерттік бағдарламасымен көзге түсті. Ерлер хорының жоғары кәсіби деңгейі, патриоттық рухы мен жанды орындауы қазылар алқасының жоғары бағасын алып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
🎤 Бұл жеңіс – Қазақстан әскери өнерпаздарының шеберлігі мен ұлттық рухани дәстүрлерді жалғастыру жолындағы еңбегінің жарқын дәлелі. Ансамбль өнері халықаралық мәдени байланысты нығайтуға үлес қосты.