4f374b67-640c-497c-bfee-29d17fd41bfb

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда бала туу және 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерге 299,8 млрд теңге бөлініп, 293,9 мың адам қамтылды.

Мемлекеттік жәрдемақылар:

Бала тууға байланысты жәрдемақыны 117 мың адам алды. Жалпы сома – 21,1 млрд теңге.
• 2025 жылы жәрдемақы мөлшері:
• 1, 2, 3-балаға – 38 АЕК (149 416 теңге);
• 4 және одан көп балаға – 63 АЕК (247 716 теңге).
• 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 123,3 мың адам алды. Жалпы сома – 14,4 млрд теңге.
• Ай сайынғы мөлшер:
• 1-балаға – 22 648 тг
• 2-балаға – 26 777 тг
• 3-балаға – 30 866 тг
• 4 және одан көп балаға – 34 995 тг

Әлеуметтік төлемдер (МӘСҚ арқылы):

• Жүктілік пен босануға байланысты кірістен айырылу жағдайында бір реттік төлемді 81,8 мың адам алды. Жалпы сома – 117,3 млрд теңге. Орташа төлем – 1 637 575 теңге.
• 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем 88,8 мың адамға тағайындалды. Жалпы сома – 147 млрд теңге. Орташа айлық төлем – 91 953 теңге.
• Бұл төлем бала туған күннен бастап тағайындалады және соңғы 2 жылдағы орташа табыстың 40%-ын құрайды. Бір мезгілде бірнеше бала туған жағдайда әр балаға жеке төленеді.